Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Новости 3 сентября, 2026 Западно-Казахстанская область

БАЛАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ - БОЛАШАҚҚА СЕНІМ!

Батыс Қазақстан облысында игі дәстүрге айналып келе жатқан маңызды әлеуметтік шаралардың бірі - "Мектепке нық қадаммен" акциясы өтті. Аталған акцияны Әділет партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырып, жаңа оқу жылы қарсаңында көптеген бүлдіршінге қуаныш сыйлады.

БАЛАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ - БОЛАШАҚҚА СЕНІМ!

Акцияның негізгі мақсаты - мектеп жасындағы балаларды қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етіп, олардың жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл күймен әрі сенімді бастауына қолдау көрсету. Бұл - тек материалдық көмек қана емес, балалардың білімге деген ынтасын арттырып, болашаққа деген сенімін нығайтатын маңызды қадам. Шараның ашылуында сөз сөйлеген Әділет партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Бауржан Оңталапұлы аталмыш бастаманың маңыздылығына ерекше тоқталды. “Бала -ел ертеңі. Сондықтан олардың сапалы білім алып, жарқын болашаққа нық қадам басуына жағдай жасау - баршамыздың ортақ парызымыз. Бүгінгі акция арқылы біз балаларға тек оқу құралдарын ғана емес, сенім мен жігер сыйлауды мақсат еттік”, -деді ол. Іс-шара барысында бүлдіршіндерге мектепке қажетті сөмке, дәптер, кеңсе тауарлары секілді оқу құралдары табысталды. Балалардың жүзіндегі шаттық пен қуаныш - акцияның басты нәтижесі іспетті. Әрбір табысталған құрал - олардың білім жолындағы алғашқы қадамдарына демеу болды. Бұл игі бастама облыс және қала мәслихаты депутаттары менкәсіпкерлердің қолдауы арқасында оқу жылы басталғанға дейін облыс аудандары мен қала көлемінде 300 баланы оқу құралдарымен қамтамасыз етуді көздейді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын тауып, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға өз үлесін қоса бермек. “Мектепке нық қадаммен” акциясы - балаларға көрсетілген қамқорлықтың, болашаққа деген сенімнің нақты көрінісі. https://zhaikpress.kz/kk/news/balalarga-kamkorlyk-bolashakka-senim/ 

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

28 сентября, 2026

«Жайна, өмір!» әлеуметтік-қайырымдылық іс-шарасы өтті

Орал қаласындағы Қариялар үйінде Қариялар күніне орай "Әділет" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Әй...

15 сентября, 2026

Отбасы күніне орай спорттық жарыс өтті.

Орал қаласындағы «Эстетикалық бағыттағы гимназияда» Отбасы күніне орай спорттық жарыс өтті.

18 октября, 2026

Әйел өмірі — қоғамның басты құндылығы!

Бүгін Жамбыл облысы Сарысу ауданында Әйелдер қанатының бастамасымен сүт безі обырының алдын аулуға бағытталған...

18 октября, 2026

Өз өміріңіз үшін уақытылы тексеруден өтіңіз!

Марафон мен серуендеуге қатысқан таластықтар игі бастаманы қолдап, әйелдер денсаулығына қоғам назарын аударуға...