БАЛАНЫҢ ҚУАНЫШЫ — БІЗДІҢ ЕҢ ҮЛКЕН ЖЕҢІСІМІЗ
БАЛАНЫҢ ҚУАНЫШЫ — БІЗДІҢ ЕҢ ҮЛКЕН ЖЕҢІСІМІЗ
Балаға қуаныш сыйлау — үлкен сөзді қажет етпейтін үлкен азаматтық.
«Мектепке жол» акциясы аясында Марқакөл ауданындағы көпбалалы отбасылардан шыққан 45 бастауыш сынып оқушысына мектепке қажетті оқу құралдары салынған сөмкелер табыстадық.
Балалардың жаңа сөмкелерін қуана құшақтап, жүздеріндегі шаттықты көру — біз үшін баға жетпес сезім.
Біз бүгін балаға сөмке сыйладық. Ал шын мәнінде, оның білімге деген алғашқы қадамына демеу бердік.
Елдің ертеңін ойлау — биік мінберден айтылатын ұран емес. Ол — бүгінгі балаға жасалған нақты қамқорлықтан басталады.
Сондықтан балаларға қолдау көрсетуден ешқашан жалықпайық. Өйткені олардың әрбір қуанышы — Қазақстанның жарқын болашағына қосылған үлес.
Осы игі іске негізгі демеушілік жасап, туған жердің балаларына жанашырлық танытқан Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, Марқакөлдің тумасы Абдыхалықов Ербол Әлімханұлына ерекше алғыс айтамын.
Сондай-ақ қолдау көрсеткен аудандық мәслихат депутаттарына ризашылығымды білдіремін.
Балаға жасалған жақсылық — ешқашан зая кетпейді.
Бүгінгі балаға берген жылуымыз — ертең елге қызмет ететін азамат болып оралады.