Берік тірек,парасатты ұрпақ:ардагерлерге құрмет көрсетілді
БЕРІК ТІРЕК, ПАРАСАТТЫ ҰРПАҚ: АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ «Әділет» партиясы Отырар аудандық филиалының төрағасы Ұлан Абдрахимов пен Әйелдер қанатының жетекшісі Тынышкүл Едигеева мереке қарсаңында ауданымыздың мақтанышына айналған ардақты қарияларымыздың шаңырағында болып, арнайы құттықтады. Партия өкілдері 100 жасқа толған азаматтық қорғау органдарының ардагері, өртке қарсы қызмет саласында жарты ғасырға жуық жемісті еңбек еткен Іңкәрбек Батырбеков пен Еңбек ардагері, «Алтын алқа» иегері Базаркүл Мәуленқұлова анамызды мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді және арнайы сый-сияпаттарын тапсырды. Отырар ауданының дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан ардақты аға буын өкілдеріне құрмет көрсету — біздің басты міндетіміз.



