Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие укреплению женского з... 3 сентября, 2026 Мангистауская область

БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🔔

Білім күніне орай №13 мектеп-гимназиясына барып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Ел болашағы – білімді әрі адал ұрпақ екенін атап өтті. Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаты Асқар Сайынұлы Керелбаевтың өз қаражаты есебінен Мамандандырылған физика-математика мектебіндегі сыныпты заманауи түрде жөндеп, оқушыларға жасаған қолдауын ерекше атап өтті. Жас ұрпаққа білім жолында сәттілік пен жаңа жетістіктер тіледі.

БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🔔

Бүгін — білімге ұмтылған өрендердің үкілі үміті мен ұлағатты ұстаздардың сарқылмас еңбегі тоғысқан, рухани қуаты ерекше мереке!

​«Ақыл — тозбайтын тон, білім — таусылмайтын кен» демекші, ел ертеңінің еңселі болуы тікелей жас ұрпақтың парасаты мен зеректігіне байланысты.

Осы айтулы күнде облысымыздағы ең іргелі білім ошақтарының бірі — №13 мектеп-гимназиясына арнайы барып, ұжымды және жас өрендерді жаңа оқу жылымен құттықтадым. Сапалы білім мен тағылымды тәрбиенің ордасына айналған бұл гимназияның әрбір жетістігі — бүкіл өңіріміздің мерейі. Іс-шарада балаларымызға ақ жол тілеп, ұлағатты ұстаздарға шынайы ризашылығымды білдірдім.

​Ел болашағы — білімді де адал ұрпақ.

Осы ретте Мемлекет басшысының саяси бастамалары, жаңа конституциялық реформалар мен Ұлттық құрылтайда айқындалған басымдықтарға арнайы тоқталдым. Әділетті Қазақстанның келешегі — ана тілін ардақтайтын, озық ойлы, білімді де адал азаматтардың қолында!

Халқымызда: «Атадан жақсы ұл туса — елге қамқор ел ағасы болады» деген қанатты сөз бар. Бүгінгі мерекеде әріптесіміз, облыстық мәслихат депутаты Асқар Сайынұлы Керелбаевтың ғибратты бастамасын айрықша атап өткім келеді.

​Асқар Сайынұлы әріптесім №9 шағынауданда орналасқан Мамандандырылған физика-математика мектебінің бір сынып бөлмесін өз қаражаты есебінен толықтай заманауи үлгіде жөндеуден өткізіп, оқушыларға ғажайып сый жасады.

​Бұл — жай ғана жөндеу жұмысы емес, бұл — жас ұрпақтың болашағына жасалған шынайы жанашырлық, ел азаматына тән жомарттық пен парасаттылықтың жарқын үлгісі! Мектепке, бала біліміне салынған әрбір инвестиция — мемлекетіміздің кемел келешегіне қосылған баға жетпес үлес. Көпге үлгі болар игі істеріміз көп болсын!

​Қымбатты оқушылар, ұлағатты ұстаздар мен ардақты ата-аналар!

​Білімге ұмтылу — биік шыңдарды бағындырудың жалғыз тура жолы. Жаңа оқу жылы толайым табыстарға, толағай жетістіктерге және жаңа асуларға толы болсын!

Жастардың білімге құштарлығы сөнбесін!

Ұстаздардың мәртебесі биік, еңбегі жана берсін!

​Еліміздің болашағы баянды, келешегі кемел болғай!

​Жаңа оқу жылы құтты, болашаққа басқан қадамдарыңыз сәтті болсын! 🇰🇿

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

9 июня, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

12 февраля, 2026

Облыстық «Ana serpini» әлеуметтік жобасы Жаңаөзенде басталды.

Мақсаты – әйелдер мен аналардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың бизнес бастамаларын қолдау, жаңа идеялар...

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 февраля, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...