БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА
Шу ауданында Отбасы күніне орай дөңгелек үстел өтіп, отбасы құндылықтары, ұлттық тәрбие мен өзара сыйластық мәселелері талқыланды.
Отбасы күніне орай Шу ауданында «Әділет» партиясы аудандық филиалы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Бір шаңырақ астында» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жиында отбасы құндылықтары, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық, ұлттық тәрбие мен шаңырақтағы өзара қолдаудың маңызы сөз болды.
Кездесу барысында партияя аудандық филиалы төрағасы Б.Ниязбеков және Әйелдер қанатының жеткешісі А.Байгисиева қатысушыларды мерекемен құттықтап, әр шаңыраққа береке, бірлік пен бақыт тіледі. Жылы пікірлер айтылып, отбасы институтын нығайтуға бағытталған ұсыныстар ортаға салынды.
Бірлігі бекем отбасы – берекелі қоғамның негізі! ❤️
