Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие укреплению женского з... 30 сентября, 2026 Жамбылская область

«ДАРИЯ КЕУДЕ, ТАУ МҮСІН» ҰРПАҚТАР ДИАЛОГЫ: ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ МЕН АРДАҚТЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

«ДАРИЯ КЕУДЕ, ТАУ МҮСІН» ҰРПАҚТАР ДИАЛОГЫ: ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ МЕН АРДАҚТЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты мен «Анаға тағзым» Жамбыл облыстық отбасылық даму әлеуметтік орталығы, әйелдер қанатының тең төрағасы Дамира Сүгірбайдың жетекшілігімен  «Дария кеуде, тау мүсін» атты тағылымды мерекелік кездесу кеші өтті. Іс-шара ұрпақтар диалогы форматында ұйымдастырылып, еңбек ардагерлері мен ардақты аналардың басын қосты.
Кештің ашылу салтанатында «Әділет» партиясы облыстық филиалы төрағасының кеңесшісі Р.Тұрмаханбетова,  облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Абдибекова сөз сөйлеп, барша аға буын өкілдері мен еңбек ардагерлерін мерекемен құттықтады. 
Мерекелік кеш аясында ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында бүлдіршіннің тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды. Баланың тұсауын «Әділет» партиясы облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты төрағасының орынбасары Д.Ускумбаева мен телеарна ардагері, «Асыл-Ана» әжелер ансамблінің мүшесі Г.Сариева кесіп, сәбидің болашағына ақ баталарын берді.
Кездесу барысында жастар мен аға буын арасында ашық сұхбат өрбіді. Белсенді жастар еңбек ардагерлері мен ардақты аналарға өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, олардың ғибратты өмір жолы, мол еңбек тәжірибесі, отбасылық құндылықтарды сақтау құпиясы мен кейінгі ұрпаққа айтар өсиет-тілектері туралы тұшымды да тағылымды жауаптар алды.
Кеш соңында «Анаға тағзым» орталығының директоры Д.Сүгірбай қорытынды сөз сөйлеп, іс-шараға қатысқан барша қонақтарға алғысын білдірді және ардақты аналар мен еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтар табыс етті.

6abd394578048.jpg
6abd39456b5fb.jpg
6abd394631e7c.jpg
6abd39457fb58.jpg
6abd3945d17c2.jpg
6abd3945dac73.jpg
6abd39476f2cc.jpg
6abd39464b33c.jpg
6abd394679f40.jpg
6abd3946884ec.jpg
6abd3946de783.jpg
6abd3947ad57b.jpg

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

3 июня, 2026

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты өтілді.

03.06.2026 күні отбасы құндылығын дәріптеу, ана мен бала амандығын сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жа...

8 мая, 2026

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: САНАЛЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсе...

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 февраля, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...