ДЕНСАУЛЫҒЫМЫЗДЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРМАЙМЫЗ!
Мойынқұмдық қыз-келіншектер “Әйел өмірі үшін” атты жүгіруге қатысты.
Сүт безі обырының алдын алудың бірден-бір жолы мерзімінде тексерілуден өту.
Осындай маңызды мақсатта Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының қыз-келіншектері бір кісідей жиналып, денсаулық пен қамқорлықты ту еткен жүгіру марафонына белсенді қатысты.

