Депутаттық фракция мүшелері әлеуметтік осал топтағы отбасылармен кездесулерін жалғастыруда.
Депутаттық фракция мүшелері әлеуметтік осал топтағы отбасылармен кездесулерін жалғастыруда.
Кездесу барысында отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, күнделікті өмірде кездесетін мәселелері және қоғамдағы әлеуметтік қолдауға қатысты ұсыныстары талқыланды. Әр отбасының жеке жағдайына назар аударылып, азаматтардың пікірлері мен өтініштері тыңдалды.
Сонымен қатар, әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары, қолданыстағы мүмкіндіктер мен тиісті мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар қарастырылып, азаматтарға қажетті ақпараттар берілді.