Қарттарға құрмет: Қордайда тегін медициналық тексеру өтті
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, «Қордай» бастауыш партия ұйымының төрайымы және «Әйелдер қанатының» мүшесі Н. Мурзабаеваның ұйымдастыруымен үлкендерге арналған игі іс-шара өтті.
Бұл күні аға буын өкілдеріне арнайы медициналық тексеру ұйымдастырылып, оларға кезексіз әрі тегін медициналық қызмет көрсетілді. Ал денсаулық жағдайына байланысты емханаға өзі келе алмайтын қарттар үшін дәрігерлер үйлеріне арнайы барды. Ақ халатты абзал жандар әр шаңыраққа бас сұғып, қариялардың денсаулығын мұқият тексерді және қажетті емдік кеңестерін берді. Іс-шараның басты мақсаты — ардақты қарттарымыздың денсаулығына назар аударып, аурудың алдын алу және оларға шынайы қамқорлық көрсету. Қарияларын қадірлеп, оларға құрмет көрсету — біздің қоғамның ең жоғары адамгершілік құндылығы болып қала береді.


