КЕДЕРГІСІЗ ОРТА – БАРШАҒА ОРТАҚ МҮМКІНДІК
Жамбыл облысы Жамбыл ауданында әлуметтік нысандардғардың мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімділігіне мониторинг жүргізілді.
«Әділет» партиясының Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен Жамбыл ауданында «Кедергісіз: бірге мүмкіндіктер қоғамын қалыптастырамыз» тақырыбымен аудан аумағындағы бірқатар мемлекеттік және әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустарына зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу барысында пандустардың қолжетімділігі, қауіпсіздігі, талаптарға сәйкестігі және оларды пайдалану мүмкіндігі қаралды.
Іс-шараға «Әділет» партиясы аудандық филиалының төрағасы Т.Әбдібеков және Әйелдер қанатының төрайымы Д.Дармагамбетова қатысты.



