Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие укреплению женского з... 14 сентября, 2026 Жамбылская область

ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА «БАҚЫТТЫ БАЛА – МЫҚТЫ ОТБАСЫ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қордай ауданында Отбасы күніне орай ата-аналармен кездесу өтіп, бала тәрбиесі, қауіпсіздігі және отбасылық құндылықтар талқыланды.

ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА «БАҚЫТТЫ БАЛА – МЫҚТЫ ОТБАСЫ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Отбасы күніне орай Қордай ауданында ата-аналармен «Бақытты бала – мықты отбасы – жарқын болашақ» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының жетекшісі Айман Әшімова қатысып, жиналған қауымды мерекемен құттықтады.
Өз сөзінде Айман Әшімова отбасының бала тәрбиесіндегі және қоғам өміріндегі ерекше рөліне тоқталды.
«Қазақта “Отан – отбасынан басталады” деген тағылымды сөз бар. Бұл – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан өмірлік ұстанымы. Отбасында мейірім көрген бала – мейірімді, еңбекті көрген бала – еңбекқор, жауапкершілікті сезінген бала – елге адал азамат болып өседі.
“Әділет” партиясының құндылықтары да дәл осы отбасылық тәрбиемен үндеседі. Әділет, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен прогресс – қоғамға сырттан келетін ұғымдар емес. Олардың бастауы – адамның тәрбиесінде, мінезінде, күнделікті өмірінде», – деді ол.
Кездесу барысында бала қауіпсіздігі, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынас, психологиялық қолдау және отбасы мен мектептің өзара серіктестігі талқыланды. Қатысушылар интерактивті тапсырмаларға қатысып, балаға көңіл бөлу мен оны түсінудің маңызын тәжірибе арқылы сезінді.
Бақытты балалық шақ – мейірім мен түсіністікке толы отбасынан басталады. Әр бала қауіпсіз ортада өсіп, әр шаңырақ береке мен бірлікке кенелсін!

6aa8006ce037e.jpg
6aa8006ccd78d.jpg
6aa8006cd15b9.jpg

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

3 июня, 2026

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты өтілді.

03.06.2026 күні отбасы құндылығын дәріптеу, ана мен бала амандығын сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жа...

8 мая, 2026

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: САНАЛЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсе...

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 февраля, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...