Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие укреплению женского з... 30 сентября, 2026 Мангистауская область

Маңғыстауда «ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» республикалық ақпараттандыру айлығы басталады

1 қазаннан басталатын бір айлық науқан кезінде сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу және оны ерте сатыда анықтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Маңғыстауда «ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» республикалық ақпараттандыру айлығы басталады

​    1 қазаннан бастап сүт безі қатерлі ісігінің алдын алуға және ауруды ерте анықтауға бағытталған «ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» республикалық ақпараттандыру айлығы басталады. Осыған орай «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалында аталған акцияның маңызы мен өңірдегі онкологиялық аурулардың алдын алу мәселелеріне арналған брифинг өтті.  
​     Жиынға «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы басшысының орынбасары Нұрбек Қарасаев, партияның Әйелдер қанатының жетекшісі Пания Сармурзина, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Жанар Тулебаева және онколог-маммолог дәрігер Рысжан Урынбасарова қатысты.  
Брифинг барысында мамандар сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу, оны ерте кезеңде анықтау және әйелдердің медициналық тексерулерден уақытылы өтуінің маңыздылығына тоқталды.  
​     Онколог-маммолог Рысжан Урынбасарованың айтуынша, биыл Маңғыстау облыстық онкологиялық орталығында 735 пациент диспансерлік есепке алынған. Оның ішінде 85 әйелге, яғни 11,5 %-на сүт безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылған.  
​Салыстырмалы түрде қарағанда, былтыр осы диагнозбен 70 пациент есепке алынған. Биыл бұл көрсеткіш 85-ке жетіп отыр.  
​    «Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау – емнің нәтижелі болуының маңызды факторларының бірі. Сондықтан әйелдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, профилактикалық тексерулерден және скринингтен уақытылы өтуі өте маңызды», – деді онколог-маммолог Рысжан Урынбасарова.  
     ​Мамандардың айтуынша, скринингтің негізгі мақсаты – ауруды клиникалық белгілері байқалмай тұрып анықтау. Бұл өз кезегінде емді дер кезінде бастап, асқынудың алдын алуға мүмкіндік береді.  
​Алдағы бір ай көлемінде «ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» акциясы аясындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары облыстың барлық аумағында жүргізіледі.  
Партияның Әйелдер қанатының жетекшісі Пания Сармурзинаның айтуынша, айлық аясында 20-ға жуық іс-шара ұйымдастыру жоспарланып отыр. Олардың қатарында ақпараттық-түсіндіру кездесулері, денсаулықты нығайтуға бағытталған спорттық шаралар және әйелдер арасында профилактикалық мәдениетті қалыптастыруға арналған түрлі іс-шаралар бар.  

     Брифинг барысында Нұрбек Қарасаев ана мен бала денсаулығын қорғау, әйелдердің әл-ауқатын арттыру бағытындағы партиялық жобаларға да тоқталды. Оның айтуынша, халықтың денсаулығын сақтау, профилактикалық медицинаны дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бастамалар партия жұмысының маңызды бағыттарының бірі.

     Мамандар әйелдерді өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, медициналық тексерулерден уақытылы өтуге шақырады. Себебі ауруды ерте анықтау – дер кезінде ем қабылдауға және денсаулыққа төнетін қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді. #ӘйелӨміріҮшін2026

https://www.facebook.com/share/v/1DSqjL7rvD/?mibextid=wwXIfr

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

9 июня, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

12 февраля, 2026

Облыстық «Ana serpini» әлеуметтік жобасы Жаңаөзенде басталды.

Мақсаты – әйелдер мен аналардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың бизнес бастамаларын қолдау, жаңа идеялар...

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 февраля, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...