«Мектепке нық қадам» — жүрекке мейірім мен сенім ұялататын ізгі бастама
«Әділет» партиясының «Мектепке нық қадам» акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен және аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсетілді. Әйелдер қанатының белсенділері де игі шараға атсалысып, әр балаға 30 000 теңгеден қаржылай көмек, театр мен музейге билеттер және тәтті сыйлықтар табыстады. Басты мақсат – балаларға қуаныш сыйлап, жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауына қолдау көрсету.
https://www.facebook.com/share/p/1LKk8kdm8o/
«Әділет» партиясының «Мектепке нық қадам» қайырымдылық акциясы аясында Әйелдер қанатының белсенділерімен бірге өңіріміздегі әлеуметтік жағдайы төмен және аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсетіп, кішкентай жүректерге қуаныш сыйладық.
Балалардың жаңа оқу жылына сеніммен, көтеріңкі көңіл-күймен қадам басуы біз үшін өте маңызды. Осы мақсатта:
Әр балаға 30 000 теңгеден қаржылай көмек табысталды;
Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры мен Әбіш Кекілбайұлы атындағы өлкетану музейіне билеттер үлестірілді;
«Bulka» кондитерлік дүкенінен арнайы тәтті сыйлықтар берілді.
Бұл ізгі шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан партияластарыма, Әйелдер қанатының белсенділеріне және атсалысқан өңір кәсіпкерлеріне алғысым шексіз!
Сондай-ақ, өтінішімізді аяқсыз қалдырмай, бірден қолдау білдірген Н. Жантөрин атындағы театр ұжымына, Ә. Кекілбайұлы атындағы музей басшылығына мың алғыс айтамын!
Балаға көңіл бөлу — үлкен жауапкершілік, ал оның жүзіндегі күлкі — ең бағалы сый. Әрбір бала бақытты балалық шаққа, сапалы білімге және жарқын болашаққа лайық!
Бұл қайырымдылық шаралары партия бағдарламасы аясында өз жалғасын тауып, тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Ізгілік пен қайырымдылық жолындағы ісіміз берекелі болсын!