Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Поддержка женского политического... 3 сентября, 2026 область Жетісу

«Мектепке нық қадаммен!»

Жетісу облысында «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Мектепке нық қадаммен!» қайырымдылық акциясы өтті.

«Мектепке нық қадаммен!»

Жетісу облысында «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Мектепке нық қадаммен!» қайырымдылық акциясы өтті.

Акцияның негізгі мақсаты – көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезінде қолдау көрсету, олардың сапалы білім алуына қажетті жағдай жасауға үлес қосу.

Акция аясында өңірдің аудан-қалаларында «Әділет» партиясы филиалдарының өкілдері, Әйелдер қанатының мүшелері әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың балаларын қамтып, оларға жаңа оқу жылына қажетті мектеп құралдары мен оқу-жабдықтарын табыстады. Осылайша, балалардың оқу жылын алаңсыз бастауына мүмкіндік беретін нақты көмек көрсетілді.

Игі бастамаға демеушілер де қолдау білдірді. Кәсіпкерлер, жеке азаматтар мен белсенді тұрғындар балаларды қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етуге өз үлестерін қосты.

Нәтижесінде акция аясында 1 мыңнан аса балаға қолдау көрсетілді. Олардың қатарында көпбалалы, аз қамтылған және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балалары бар.

Партия өкілдерінің айтуынша, мұндай әлеуметтік бастамалардың маңызы ерекше. Себебі баланың мектепке дайындық кезеңіндегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету – отбасының әлеуметтік жағдайына қарамастан, әрбір баланың білім алуға деген мүмкіндігін қолдаудың маңызды тетіктерінің бірі.

«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалы алдағы уақытта да әлеуметтік бағыттағы бастамаларды жалғастырып, тұрғындардың, әсіресе балалар мен жастардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыра бермек.

Жаңа оқу жылы – әр бала үшін жаңа мүмкіндік пен жаңа белестің бастауы. Ал оған көрсетілген қолдау – баланың болашағына жасалған маңызды инвестиция.

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

3 сентября, 2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ Бүгін Талдықорған қаласында «Әділе...

9 сентября, 2026

Отбасы – әр адамның шағын отаны

Көксу ауданында «Үздік жас отбасы» номинациясының жеңімпазы Жанғабыловтар отбасымен тағылымды кездесу өтті. Ке...

8 июня, 2026

В Университете Абая запущена новая программа EMBA по развитию женского лидерства

В Казахском национальном педагогическом университете имени Абая запущена новая образовательная инициатива, нап...

23 января, 2026

«Таңшолпан»: в Костанайской области начался новый этап развития женского политического лидерства

После теоретической части участницы перешли к практическим занятиям и приняли участие в дебатных сессиях. Разд...