«Мектепке нық қадаммен!» акциясы жалғасуда
«Мектепке нық қадаммен!» – Әділет партиясы мен демеушілердің бірлескен республикалық қайырымдылық акциясы өтті
«Мектепке нық қадаммен!» – Әділет партиясы мен демеушілердің бірлескен республикалық қайырымдылық акциясы өтті
Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік осал отбасылардың балаларына жаңа оқу жылына қажетті мектеп құралдарымен қамтамасыз етіп, олардың білім алуға деген ынтасын арттыруға және жаңа оқу жылын лайықты бастауына қолдау көрсету.
Акция аясында «Әділет» партиясының ғимаратында 25 оқушыға жаңа оқу жылына қажетті мектеп құралдары табысталып, балаларға жан-жақты қолдау көрсетілді.
Бұл бастама оқушылардың жаңа оқу жылына жақсы дайындалып, көтеріңкі көңіл-күймен қадам басуына мүмкіндік берді.
Игі шараның жүзеге асуына үлес қосып, балаларға қолдау көрсеткен барлық демеушілерге шынайы алғысымызды білдіреміз.
Бірлескен осындай игі бастамалар қоғамдағы өзара қолдау мен әлеуметтік жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.