Мейірімділік – жүректен!
Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданында ерекше бүлдіршіндеріміз үшін өте жылы әрі ерекше мереке болды. «Әділет» партиясының Әйелдер қанаты балақайларға қуаныш сыйлау мақсатында «Мейірімділік — жүректен» атты мереке ұйымдастырды.
Бұл кездесудің басты мақсаты — балаларымыздың жүзіне күлкі ұялатып, оларға жалғыз емес екенін, айналасы толған қамқорлық пен жылылық екенін сезіндіру еді.
Көңілді әндер айтылып, балалардың көздерінен бақыт ұшқыны байқалды. Мереке соңында балақайларға ойыншықтар мен тәтті сыйлықтар үлестірілді. Сыйлық алған сәттегі олардың пәк қуанышы мен шынайы күлкісі бәріміздің жүрегімізді елжіретті.
Әрбір бала — біздің болашағымыз, әлемнің жарығы. Олардың бәрі де шексіз махаббат пен аялы қамқорлыққа лайық. Баланың күлкісінен асқан бақыт жоқ. Ендеше, кішкентай жүректерге бірге қуаныш сыйлап, әлемді мейірімділікпен нұрландыра берейік!



