МЕЙІРІМГЕ БӨЛЕНГЕН ШАҢЫРАҚТАР
Отбасы күніне орай «Әділет» партиясы Байзақ аудандық филиалының белсенділері бірқатар отбасын мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстады. Акция отбасыларға қолдау мен қамқорлық көрсетуге бағытталды.
Отбасы күніне орай ұйымдастырылған ізгі акция Байзақ ауданында да жалғасын тапты.
«Әділет» партиясы Байзақ аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының жетекшісі Күнсая Амирова мен филиал төрағасы Индира Спаналиева бастаған белсенділер бірқатар отбасына арнайы барып, мерекемен құттықтап, сый-сияпаттарын табыстады.
Бқл - әр отбасыға деген ықылас пен жанашырлықтың, «сіздер біз үшін маңыздысыздар» деген жылы ниеттің белгісі.
Осындай қарапайым мейірімнің өзі бала жүрегіне қуаныш сыйлап, отбасыға жылу береді.
Әр шаңырақта шаттық, әр отбасында береке, әр баланың жүрегінде қуаныш болсын! Отбасы күні құтты болсын!




