“Мұғалім TALKS”
Бүгін ауданымызда білім саласындағы маңызды алаңдардың бірі — “Мұғалім TALKS” кейс платформасы ұйымдастырылды.
Бүгін ауданымызда білім саласындағы маңызды алаңдардың бірі — “Мұғалім TALKS” кейс платформасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
AMANAT партиясы Жамбыл аудандық филиалы аудандық білім бөлімімен бірлесіп өткізген шара аудан орталығындағы Ю.Гагарин атындағы орта мектеп базасында өтті.
Аталған платформада ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру саласындағы заманауи әдіс-тәсілдер мен тиімді кейстерді талқылады. Сонымен қатар, педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған тың идеялар ортаға салынып, өзара тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік жасалды.
“Мұғалім TALKS” — ұстаздардың шығармашылығын шыңдап, кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған маңызды алаңдардың бірі. Осындай тағылымды кездесулер білім сапасын арттыруға және жас ұрпаққа сапалы тәрбие мен білім беруге өз үлесін қоса беретіні сөзсіз.


