МҰҒАЛІМНІҢ ӘР КҮНІ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?
Жамбыл облысы Жамбыл ауданында «Ұстаз айтса» диалог алаңы өтті.
Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясында “Мұғалімнің әр күні қалай өтеді” тақырыбымен кезекті «Ұстаз айтса» республикалық диалог алаңы ұйымдастырылды.
Маңызды басқосуға «ӘДІЛЕТ» партиясы Жамбыл аудандық филиалының төрағасы Т. Әбдібеков қатысып, қазіргі білім беру жүйесінің өзекті мәселелері төңірегінде сөз қозғады. Жиын барысында педагогтердің қоғамдағы орны мен олардың жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі атқарып отырған рөлі кеңінен сөз болды.
Еркін пікір алмасу форматында өткен диалог алаңында келесі негізгі мәселелер талқыланды:
• Ұстаздың күнделікті қауырт еңбегі: Мұғалімнің тек сабақ берумен шектелмейтін, оқу үдерісіне дайындық, дәптер тексеру және құжаттамамен жұмыс істеу сияқты көрінбейтін қыруар міндеттері;
• Кәсіби қиындықтар мен жүктеме: Педагогтердің күнделікті уақытын тиімді жоспарлауы, мектеп пен үй арасындағы кәсіби жауапкершілікті тең ұстау мәселесі;
• Саналы тәрбие мен психологиялық ахуал: Сынып жетекшілерінің ата-аналармен байланысы және әр баланың жеке тұлға болып қалыптасуына күнделікті ықпал ету жолдары;
• Сапалы білім берудегі заманауи талаптар: Мұғалімдердің күнделікті ізденісі, жаңа технологиялар мен озық әдістемелерді сабақ барысында тиімді қолдану деңгейі.



