ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫЛАР – ЕЛГЕ ҮЛГІ
Мойынқұм ауданында Отбасы күніне орай мерейтой иелеріне құрмет көрсетіліп, отбасылық құндылықтар дәріптелді.
Отбасы күніне орай Мойынқұм аудандық әкімдігі мен «Әділет» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының бірлескен ұйымдастыруымен тағылымды кездесу өтті.
Жиында отбасылық өмірдің 50 жылдық белесін бағындырған Құлдыбаевтар және 25 жылдық мерейтойын атап өткен Шакировтар отбасына құрмет көрсетілді.
Кездесуде отбасы құндылықтары, ұрпақ тәрбиесі мен шаңырақтағы сыйластықтың маңызы сөз болып, мерейтой иелеріне жылы лебіздер айтылды.
Өнегелі отбасы – ұрпаққа үлгі, қоғамға береке.
Әйелдер қанатының мұндай бастамалары отбасылық құндылықтарды дәріптеп, берекелі шаңырақтардың өнегесін насихаттауға бағытталған.

#ОтбасыКүні #ӘділетПартиясы #ӘйелдерҚанаты #Мойынқұм