ОТБАСЫ – АДАЛДЫҚ ПЕН МАХАББАТТЫҢ МЕКЕНІ
Таразда Отбасы күніне орай «Әділет» партиясы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен кездесу өтіп, отбасы құндылықтары, тәрбие және отбасындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
Таразда Отбасы күніне орай «Отбасы – адалдық пен махаббаттың мекені!» атты жылы жүздесу өтті. Шараны «Әділет» партиясы Әйелдер қанатының сарапшысы, қалалық «Отбасын қолдау орталығының» директоры Бақыт Жақсылықова ұйымдастырды.Басқосуға қоғам белсенділері, құқық қорғаушылар, дәрігерлер мен жастар саясатының өкілдері қатысып, маңызды мәселелерді талқылады.
Басқосуды кіріспе сөз сөылеген «Әділет» партиясының өкілдері Р.С. Тұрмаханбетова мен Н.Б. Мауленов шаңырақтың беріктігі мен ұлттық тәрбиеге тоқталды. Тәртіп сақшылары Д.А. Кинжеханова мен А.Б. Мусаева отбасындағы тыныштық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдарын талқылады. Дәрігер Г.А. Аширбаева мен «Ана үйінің» өкілі А.Е. Калтаева бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін сөз етсе, АХАТ маманы Л.А. Жанабаева құжаттарды уақтылы рәсімдеудің маңызын түсіндірді.
Кездесу өте әсерлі өтіп, отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған бірлескен ұсыныстармен қорытындыланды.









