Отбасы күні қарсаңында, 11 қыркүйек күні, «Әділет» партиясы Әйелдер қанатының мүшелері ерекше назар мен қолдауды қажет ететін шаңырақтарды аралауға бағытталған бір күндік республикалық акция өткізді.
Отбасы күні қарсаңында, 11 қыркүйек күні, «Әділет» партиясы Әйелдер қанатының мүшелері ерекше назар мен қолдауды қажет ететін шаңырақтарды аралауға бағытталған бір күндік республикалық акция өткізді.
Осы игі бастама аясында «Әділет» партиясы Әйелдер қанатының мүшесі Дүйсенова Меруерт Тұрсынханқызы орталықтың қызмет алушысы Төлеуханов Ернардың шаңырағына арнайы барып, анасы Қажиақперова Айгүл Жәнібекқызын және отбасы мүшелерін Отбасы күні мерекесімен құттықтады.Кездесу барысында отбасы мүшелеріне жылы лебізін білдіріп, шаңырақтарына амандық, бірлік, береке мен молшылық, әр күндеріне қуаныш пен шаттық тіледі. Отбасы — жылулықтың мекені, мейірімнің бастауы, берекенің бесігі.
Әр шаңыраққа тыныштық, татулық пен бақыт тілейміз! ![]()
![]()