Отбасы күні құтты болсын!
Отбасы мерекесіне орай көпбалалы отбасын арнайы құттықтады.
Отбасы – әр адамның жүрегіне ең жақын, ең қымбат мекен. ![]()
Бүгін Отбасы мерекесіне орай көпбалалы отбасына арнайы барып, шаңырақ иелерін айтулы мерекемен құттықтадым.
Отбасы – қоғамның берік негізі, елдің болашағын тәрбиелейтін қасиетті орта. Ал көпбалалы отбасылардың қоғамдағы орны ерекше. Бір үйде бірнеше баланың тәрбиесі мен қамқорлығын қатар алып жүру – үлкен жауапкершілікпен қатар, зор махаббат пен сабырды талап етеді.
Мерекелік кездесуде отбасы мүшелеріне ізгі тілектерімді білдіріп, шаңырақтарына амандық, береке-бірлік, молшылық пен қуаныш тіледім. Балаларының дені сау, білімді, тәрбиелі болып өсіп, ата-аналарының мақтанышы болуын тілеймін.
Әр шаңырақта балалардың шат күлкісі естіліп, ата-ананың мерейі үстем болсын!
Еліміздегі барлық отбасыларға татулық, ынтымақ, бақыт пен береке тілеймін. Отбасымыз аман, шаңырағымыз биік, келешегіміз кемел болсын!