Отбасы күніне орай игі іс ұйымдастырылды
«Әділет» партиясы әйелдер қанатының мүшелері Айнұр Канапьянова, Айгүл Дүйсекеева және Дина Турдина бірнеше отбасыға арнайы барып, азық-түлік себеттерін табыстады.
Отбасы - мейірім мен қамқорлықтың, береке мен бірліктің алтын бесігі.
Осы мерекеге орай «Әділет» партиясы әйелдер қанатының мүшелері Айнұр Канапьянова, Айгүл Дүйсекеева және Дина Турдина бірнеше отбасыға арнайы барып, азық-түлік себеттерін табыстады.
Ізгі ниетке негізделген бұл бастама отбасыларға қолдау көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлауға бағытталды. Қамқорлық пен жанашырлық - қоғамды біріктіретін басты құндылықтар.
Баршаңызды Отбасы күнімен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа амандық, молшылық, татулық пен бақыт тілейміз!
#ОтбасыКүні #ӘділетПартиясы #ӘйелдерҚанаты #Қайырымдылық #Қамқорлық ІзгіІс БерекеліОтбасы