ОТБАСЫ КҮНІ: СОРТӨБЕ АУЫЛЫНДА ЕҢ БЕЛСЕНДІ ОТБАСЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ
Сортөбе ауылында Отбасы күніне орай «Әкем, анам және мен» отбасылық эстафеталық жарысы өтті.
Қордай ауданында «Әділет» партиясы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Әкем, анам және мен» атты отбасылық эстафеталық жарыс жалауын желбіретті.Мерекелік шараның басты мақсаты — отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Жарысқа қатысқан ауыл отбасылары бірлік пен татулықтың, ептілік пен жылдамдықтың шынайы үлгісін көрсетті. Әкелердің қолдауы, аналардың жанашырлығы және балалардың жеңіске деген талпынысы әрбір кезеңді қызықты әрі тартысты ете түсті.Шара соңында Әйелдер қанатының өкілдері қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, белсенділік танытқан отбасыларға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етті. Көрермендер мен қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған бұл жарыс ауыл тұрғындарының бірлігін арттыра түскен тағы бір игі бастама болды.






