Отбасы күніне орай «Әділет» партиясы
Отбасы күніне орай «Әділет» партиясы Катонқарағай аудандық филиалының төрағасы Г.Т. Тулегенова Катонқарағай ауылындағы көпбалалы отбасылар мен ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды мерекемен құттықтады.
Ізгі шара барысында отбасыларға жылы лебіздер айтылып, балаларға қуаныш сыйлайтын сыйлықтар табысталды.
Мерекелеріңіз құтты болсын! Әр отбасында шаттық пен қуаныш орнасын!