ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Отбасы күніне орай Жамбыл облысында отбасы құндылықтарын дәріптеуге және ана мен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жалғасуда.
Осы бағытта «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Әйелдер қанатының сарапшысы Айдана Сатылғановна Биғабылованың ұйымдастыруымен облыстық Дағдарыс орталығында «Отбасы – қамқорлық мекені» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Басқосуға этномәдени бірлестік пен Билер кеңесінің өкілі А. Зайнутдинов, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» бірлестігінің өкілі Г. Нұрабаева, Аналар алқасының мүшелері Н. Оспанбекова, Ж. Қалыбекова, сондай-ақ полиция майоры А. Мусаева қатысты.
Кездесу барысында отбасының қоғамдағы рөлі мен бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың маңызы сөз болып, бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда:
🔹 отбасы құндылықтарын нығайту және ұлттық тәрбиені дәріптеу;
🔹 ана мен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
🔹 тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу;
🔹 отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілікті арттыру.
Қатысушылар тақырып аясында өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар отбасындағы береке мен тұрақтылықты сақтауда қоғамның, ата-аналардың және мемлекеттік әрі қоғамдық ұйымдардың бірлескен жұмысының маңыздылығы атап өтілді.
Отбасы – бала тәрбиесі қалыптасатын, мейірім мен өзара түсіністік орнығатын қасиетті орта. Оны сақтау мен нығайту – баршаға ортақ жауапкершілік.



