САЛТАНАТТЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ
Құрылтай сайлау науқанының қорытындысы жасалып, облыстық штабтың жұмысына белсенді қатысқан азаматтарға Алғыс хаттар табысталды.
Осындай маңызды науқан барысында елдік мүдде жолында еңбек етіп, ортақ мақсатқа жұмылған азаматтардың қатарында болу — мен үшін үлкен жауапкершілік әрі мәртебе.
Маған көрсетілген сенім мен табысталған Алғыс хатты атқарған еңбегіме берілген баға ғана емес, алдағы жұмысқа жүктелген үлкен міндет деп қабылдаймын. Бұл — бір адамның емес, ауызбіршілік пен бірліктің арқасында жүзеге асқан ортақ істің нәтижесі.
Бүгінгі шарада өзіммен бірге еңбек еткен бірқатар әріптестеріме Алғыс хат табыстау құрметінің бұйырғанына қуаныштымын. Сайлау науқаны кезінде бірге еңбек еткен облыстық штаб мүшелеріне, белсенді азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін. Әрқайсысының еңбегі мен жауапкершілігі ортақ нәтижеге өз үлесін қосты.
Бірге атқарған әрбір істің артында үлкен еңбек, жауапкершілік пен сенім бар.
Ортақ мақсат жолындағы еңбегіміз ел игілігіне қызмет етсін!