Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие развитию инклюзивного... 1 мая, 2026 Мангистауская область

«Шексіз мүмкіндіктер» жобасының отырысы

«Шексіз мүмкіндіктер» жобасының алдағы жоспарлары талқыланды

«Шексіз мүмкіндіктер» жобасының отырысы

https://www.facebook.com/share/p/1CktXQATNQ/

«Шексіз мүмкіндіктер» жобасының алдағы жоспарлары талқыланды

«AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының «Шексіз мүмкіндіктер» қосалқы жобасы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 9–11-сынып оқушыларын қолдау жұмыстары бойынша отырыс өтті.

Жиында жобаның мақсаты мен міндеті түсіндіріліп, облыстық білім басқармасымен бірлесіп өткізетін іс-шаралар пысықталды. Партияның Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Әйелдер қанатының» жетекшісі Пания Сармурзинаның айтуынша, алдағы уақытта жоба аясында түлектер мен ата-аналарға түсіндіру, кеңес беру кездесулері ұйымдастырылып, сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беріледі. Әр оқушының қабілеті ескеріліп, кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіледі. Ата-аналарға баланың болашағын жоспарлау бойынша әдістемелік және психологиялық қолдау көрсетіледі.

Сонымен қатар білім басқармасы мен колледждер бірлесіп, арнайы сыныптар құру, ортақ база қалыптастыру, бейімделген білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жұмысшы топ құру жұмыстарын жүзеге асырады. Ал жұмыспен қамту орталығы түлектерді оқуын аяқтағаннан кейін жұмысқа орналастыру шараларын ұйымдастырады.

Айта кетейік, «Шексіз мүмкіндіктер» жобасының негізгі мақсаты – түлектерді колледждерге орналастырып, кейін жұмыспен қамту арқылы олардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасау.

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

9 июня, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

12 февраля, 2026

Облыстық «Ana serpini» әлеуметтік жобасы Жаңаөзенде басталды.

Мақсаты – әйелдер мен аналардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың бизнес бастамаларын қолдау, жаңа идеялар...

11 апреля, 2026

Наследие великого учёного увековечено!

15 мая, 2026

⚡На площадке Алматинского городского филиала партии «AMANAT» в рамках проекта «ШЕКСІЗ МҮМКІНДІК» состоялась встреча, посвящённая поддержке и социализации выпускников с особыми образовательными потребностями — учащихся 9–11 классов.