Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Новости 9 июня, 2026 Восточно-Казахстанская область

«TALQYLAU»

«TALQYLAU» диалог алаңы: әйелдердің еңбек қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау – басты назарда

«TALQYLAU»

«TALQYLAU» диалог алаңы: әйелдердің еңбек қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау – басты назарда
«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Әйелдер қанатының» бастамасымен «Қазіргі жағдайда әйелдердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбек құқықтарын қорғауда жұмыс берушілердің, еңбекті қорғау органдары мен кәсіподақтардың рөлі» тақырыбында «TALQYLAU» диалог алаңы өтті.
Іс-шараны «Әйелдер қанатының» жетекшісі Камасова Зарина Айдархановна ашты. Ол өз сөзінде:
«Әйелдердің қауіпсіз еңбек етуі – тек әлеуметтік мәселе емес, бұл – мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі. Бүгінде әйелдер өндірістің барлық саласында еңбек етіп жүр. Сондықтан олардың құқықтарының сақталуы, қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайының қамтамасыз етілуі – басты назарда болуы тиіс. Біз әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру арқылы нақты нәтижеге қол жеткізе аламыз», – деп атап өтті.
Жиынға қатысушылар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі бағыттарына тоқталып, әлеуметтік кепілдіктерді күшейту мәселесіне назар аударды.
Отырыста сөз алған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Қуаныш Ерғазинов әйелдердің құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз етуге қатысты заңнама талаптарын және жұмыс берушілердің жауапкершілігін түсіндірді.
Іс-шараның практикалық бөлімде өңірдегі ірі кәсіпорындардың еңбекті қорғау мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, өндірістегі негізгі қауіп-қатерлер мен алдын алу шараларын атап өтті.
Кездесудің мақсаты – әйелдердің еңбекті қорғау талаптары, өндірістегі қауіпсіздік шаралары және еңбек құқықтарын қорғау тетіктері жөніндегі ақпараттандыру деңгейін арттыру. «TALQYLAU» диалог алаңы ашық пікір алмасуға, тәжірибе бөлісуге және әйелдердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы нақты қадамдарды айқындауға мүмкіндік берді.

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

1 июня, 2026

От всей души поздравляю всех детей и их родителей с Международным днём защиты детей!

Дети делают нашу жизнь ярче, наполняют её смыслом, мечтами и верой в будущее.

6 мая, 2026

«AMANAT Керуені»

«AMANAT Керуені»: в Восточно-Казахстанской области стартовала масштабная акция партии «AMANAT»

18 октября, 2026

Әйел өмірі — қоғамның басты құндылығы!

Бүгін Жамбыл облысы Сарысу ауданында Әйелдер қанатының бастамасымен сүт безі обырының алдын аулуға бағытталған...

18 октября, 2026

Өз өміріңіз үшін уақытылы тексеруден өтіңіз!

Марафон мен серуендеуге қатысқан таластықтар игі бастаманы қолдап, әйелдер денсаулығына қоғам назарын аударуға...