Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Женщины против насилия 28 мая, 2026 Кызылординская область

ТАРИХТАН - ТАҒЫЛЫМ, ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ

ТАРИХТАН - ТАҒЫЛЫМ, ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты мүшелерінің ұйымдастыруымен «Өнер» бастауыш партия ұйымында «Ұлттық мұра» жобасы аясында «Тарихтан – тағылым, өткенге – тағзым» атты ақпараттық сағат өтті.

Тағылымды шараның мақсаты – жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған боздақтардың есімін ұлықтау, тарихтың ауыр кезеңдерін жас ұрпақтың санасына сіңіру және өткеннен сабақ алуға үндеу болды. Ел тарихындағы зұлмат жылдардың ақиқаты мен жазықсыз жапа шеккен боздақтардың тағдыры кеңінен айтылды. Іс-шара барысында саяси қуғын-сүргін жылдарындағы халқымыздың басынан өткен қиын-қыстау кезеңдер туралы зұлмат заманда ел үшін құрбан болған азаматтардың ерлігі мен тағдыры еске алынды.

Қатысушылар тарихи деректермен танысып, азаттық жолында құрбан болған тұлғалардың өмірі жайлы пікір алмасты. Сонымен қатар жастарды елін, жерін құрметтеуге, тарихты ұмытпауға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге шақырған тағылымды ойлар ортаға салынды.

Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, елжандылық пен рухани құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

8 мая, 2026

БАЛА ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

7 марта, 2026

ӘЙЕЛ ЕҢБЕГІ – ЕЛ МЕРЕЙІ

3 июня, 2026

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты өтілді.

03.06.2026 күні отбасы құндылығын дәріптеу, ана мен бала амандығын сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жа...

13 мая, 2026

По инициативе Женского крыла при Алматинском городском филиале партии «AMANAT» и Гражданского альянса Алматы, при участии Общественного совета города, состоялось заседание диалоговой площадки по вопросам защиты прав несовершеннолетних.

Председателем встречи выступила депутат маслихата города Алматы, председатель Женского крыла Алтынай Кобеева....