Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Новости 30 сентября, 2026 Западно-Казахстанская область

«Тең мүмкіндіктер»: БҚО-да балалардың инклюзивті спорт фестивалі өтті

Батыс Қазақстан облысында «Тең мүмкіндіктер» балалар инклюзивті спорт фестивалінің облыстық кезеңі өтті. Спорттық шараға Орал қаласы мен облыстың барлық аудандарынан 138 бала қатысты.

«Тең мүмкіндіктер»: БҚО-да балалардың инклюзивті спорт фестивалі өтті
6abd05c64db57.jpg
6abd05c64b5e5.jpg
6abd05c68268d.jpg
6abd05c676b15.jpg
6abd05c651c04.jpg
6abd05c6eb0d3.jpg
6abd05c6a0224.jpg
6abd05c68936e.jpg
6abd05c6ad529.jpg

Фестиваль «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы мен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығында өтті. Жарысқа 9 команда қатысып, оның құрамында ерекше қажеттіліктері бар 56 бала бақ сынады.

Қатысушылар бочча, жеңіл атлетика және көңілді старт эстафетасы бойынша жарысты. Балалар спорттық шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, командалық бірлік, достық және өзара қолдау құндылықтарын да көрсетті.

Фестивальдің ашылу салтанатында «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы Бауржан Бектұрған инклюзивті спорттың балалар үшін маңызына тоқталды.

Іс-шара барысында «Әділет» партиясы облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының жетекшісі Нұргүл Ашикова да жас қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

Фестивальдің негізгі мақсаты – спорт арқылы балаларды біріктіру, әр адамның қабілеті мен мүмкіндігіне құрметпен қарау және қоғамда өзара қолдау мен түсіністік мәдениетін қалыптастыру.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың өзіне деген сенімін нығайтуға, достық қарым-қатынас орнатуға және командалық рухты қалыптастыруға ықпал етеді.

Фестиваль қорытындысы бойынша үздік командалар мен қатысушылар марапатталды. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары «Тең мүмкіндіктер» фестивалінің республикалық кезеңіне жолдама алды.

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

28 сентября, 2026

«Жайна, өмір!» әлеуметтік-қайырымдылық іс-шарасы өтті

Орал қаласындағы Қариялар үйінде Қариялар күніне орай "Әділет" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Әй...

15 сентября, 2026

Отбасы күніне орай спорттық жарыс өтті.

Орал қаласындағы «Эстетикалық бағыттағы гимназияда» Отбасы күніне орай спорттық жарыс өтті.

18 октября, 2026

Әйел өмірі — қоғамның басты құндылығы!

Бүгін Жамбыл облысы Сарысу ауданында Әйелдер қанатының бастамасымен сүт безі обырының алдын аулуға бағытталған...

18 октября, 2026

Өз өміріңіз үшін уақытылы тексеруден өтіңіз!

Марафон мен серуендеуге қатысқан таластықтар игі бастаманы қолдап, әйелдер денсаулығына қоғам назарын аударуға...