Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие укреплению женского з... 1 октября, 2026 Жамбылская область

Төрдегі қария – төгілген қазына

Қарттар күніне орай «Әділет» партиясының бастамасымен қолға алынған «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» республикалық фестивалі аясында ауыл ақсақалдары мен әжелеріне құрмет көрсетілді.

Төрдегі қария – төгілген қазына

Т. Рысқұлов аудандық филиалы Әйелдер қанатының жетекшісі, Құлан БПҰ төрайымы Ш.Дайрабаеваның ұйытқы болуымен аудан қарияларына арналған «Қариясы бар ел – қазыналы ел» атты тағылымды кездесу ұйымдастырылды. 
Кездесу өте жылы әрі әсерлі атмосферада өтті. Әйелдер қанатының жетекшісі Ш.Дайрабаева өз сөзінде үлкенді сыйлау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын сақтау қоғамның басты міндеті екенін атап өтті. Салиқалы жүздесуде қазыналы қарттарымыздың ақыл-кеңестері тыңдалып, олардың өнегелі әңгімелері жастардың жүрегіне жол тартты.
Шараның сәнін келтірген бүлдіршіндер қарияларға арнап ән шырқап, би билеп, кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балалар ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталарға гүл шоқтарын табыстап, өздерінің ізгі тілектерін білдірген сәтте үлкендердің жүзінде ерекше тебіреніс пен қуаныш ұшқыны байқалды.
Осындай ізгі шаралардың өтуіне мұрындық болып, ел бірлігі мен салт-дәстүрді жаңғыртуға үлес қосып жүрген Әйелдер қанатының бастамасы алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

6abe97e60005f.jpg
6abe97e5ef34e.jpg
6abe97e5e985a.jpg

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

3 июня, 2026

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты өтілді.

03.06.2026 күні отбасы құндылығын дәріптеу, ана мен бала амандығын сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жа...

8 мая, 2026

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: САНАЛЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсе...

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 февраля, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...