«Цифрлық тәуекелдер жағдайында жеке қаржыны басқару және оны қорғау» тақыры
Әйелдер қанатының ұймдастыруымен «Цифрлық тәуекелдер жағдайында жеке қаржыны басқару және оны қорғау» тақырыбында облыстық форум өтті.
Форумның мақсаты – қатысушылардың цифрлық қаржылық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын түсіндіру және жеке қаржыны қауіпсіз басқару дағдыларын қалыптастыру болды.
Іс-шараға Әйелдер қанатының белсенді мүшелері, қоғам қайраткерлері, білім, денсаулық сақтау, бизнес және ҮЕҰ салаларының өкілдері қатысты.
Форум барысында:
– «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша қаржылық сауаттылық және қарыздың алдын алу мәселелері талқыланды
– Банк өкілі онлайн-банкинг қауіпсіздігі туралы ақпарат берді
– Құқық қорғау органы өкілі қаржылық алаяқтық схемалары мен жауапкершілік туралы түсіндірді
– Психолог маман қаржылық шешім қабылдаудағы психологиялық факторларды атап өтті
– Азаматтар ашық мінберде өз тәжірибелерімен бөлісті
Қатысушылар цифрлық дәуірде қаржыны қауіпсіз басқару – әр азаматтың маңызды дағдысы екенін атап өтті.
Форум қорытындысында ұсыныстар мен тәжірибелік ойлар жинақталып, қаржылық сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттілігі айтылды.