ТҮС ТҮРІ — ҚЫЗҒЫЛТ, МАҚСАТ — ӨМІРДІ САҚТАУ!
Жамбыл облысы Жуалы ауданында «Әйел өмірі үшін» марафоны өтті!
Жуалының белсенді арулары, ақ жаулықты аналары мен оларды қолдап келген ер азаматтар бір кісідей жиналып, сүт безі обырының алдын алу үшін мерзімінде тексеру қадет екенін көрсетті. Әдемі қызғылт таспалар мен спорттық рух Жуалы көшелеріне ерекше серпін берді!
«Өз денсаулығыңа жауапкершілікпен қарау — өміріңді сақтауға жасалған алғашқы қадам!» — дейді ұйымдастырушы Әйелдер қанатының мүшелері. Шара аясында аудан әйелдері 40 жастан бастап тегін маммографиялық скринингтен өтуге шақырылды.




