Үлкендердің ақ батасы — ең үлкен бақыт
Қарттар күніне орай «Әділет» партиясы Шу аудандық филиалының әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Бауырсақ FEST» ұлттық тағамдар мен салт-дәстүрлер іс-шарасы өтті. Шара барысында қарияларымызға ұлттық тағамдар ұсынылып, шәй беру рәсімі өткізілді. Ақ жаулықты аналарымыз бен асқар таудай әкелеріміз ыстық шәй үстінде емен-жарқын әңгіме өрбітіп, ақ баталарын берді. Қазыналы қарттарымыздың жүзіндегі бақытты күлкі мен алғысы бұл күннің ең үлкен сыйы болды.

