Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Поддержка женского политического... 26 августа, 2026 область Ұлытау

Ұлытау облысында «Мектепке нық қадаммен» акциясы өтуде

«Әділет» партиясының «Мектепке нық қадаммен» акциясы Ұлытау облысында да жалғасын тапты. Акция басталғалы бері өңірде 3 мыңнан астам бала мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

Ұлытау облысында «Мектепке нық қадаммен» акциясы өтуде

Ұлытау облысында «Мектепке нық қадаммен» акциясы өтуде

«Әділет» партиясының «Мектепке нық қадаммен» акциясы Ұлытау облысында да жалғасын тапты. Акция басталғалы бері өңірде 3 мыңнан астам бала мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

Партияның Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Ақжол Құрмансейіт, “Әділет” партиясы Ұлытау облыстық филиалы жанындағы “Әйелдер қанаты” мүшесі Қапарова Раушан Оңқонысқызы және партия қызметкерлерімен бірге Жезқазған қаласындағы №133 мектеп оқушыларына мектеп сөмкелері мен оқу құралдарын табыстады.

«Баланың сапалы білім алуы үшін қажетті жағдай жасау – баршамызға ортақ міндет. Әр балаға мүмкіндік беру – әділетті қоғамның басты қағидаларының бірі. Мұндай қолдау шаралары облыстың барлық қала-аудандарында өтуде», – деді Ақжол Құрмансейіт.

Сондай-ақ Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Раушан Қапарова мен қалалық мәслихат депутаттары «Нұрбала» дамыту орталығына арнайы барып, балаларға оқу құралдарын табыстады. Орталық директоры Жадыра Жұмахметова партия мен халық қалаулыларына үздіксіз байланыс пен ұдайы жасалатын қолдау үшін алғысын жеткізді.

Акция «Әділет» партиясының әділетті қоғам – әр азаматқа өз мүмкіндігін жүзеге асыруға тең жағдай жасалған қоғам қағидатын көрсетеді. Негізгі ұстаным – әр бала маңызды, әр балаға мүмкіндік керек!https://www.instagram.com/reel/Dcf5flPNgAH/?stkn=ZnVkNmo2YnZibno4

6aa3f5da95c26.jpg
6aa3f5db57e95.jpg
6aa3f5dac7ba2.jpg
6aa3f5da97c6b.jpg
6aa3f5da92df9.jpg
Теги
Поддержка женского политического лидерства и организация гендерной экспертизы законопроектов Содействие развитию инклюзивного общества Международное партнерство и лучшие практики для женщин

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

18 ноября, 2025

«Әйел рухы – табысқа жетелейтін күш»: Ұлытау облысында әйелдер форумы өтті

«AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанаты Жезқазған қаласында «Әйел рухы – табысқа жетелейтін күш» атты форум...

5 мая, 2026

Әйелдер қанатының қатысуымен «Цифрлы педагог: жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану» кездесуі өтті

Жезқазғанда өткен білім беру саласындағы кездесуде Әйелдер қанатының қатысуымен жасанды интеллектті оқыту үдер...

9 июня, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

11 апреля, 2026

Наследие великого учёного увековечено!