Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие укреплению женского з... 14 мая, 2026 Жамбылская область

Ұрпақ тәрбиесі – ананың алтын бесігі

Тараз қаласында өткен халықаралық форумда аналардың қоғамдағы рөлі, отбасы құндылықтары мен ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігі кеңінен талқыланды.

Ұрпақ тәрбиесі – ананың алтын бесігі

Бүгін Тараз қаласында өткен Республикалық Аналар кеңесінің «Аналар кеңесі: саналы қоғам қалыптастырудағы ананың рөлі» атты халықаралық форумына өңірлік «Әйелдер» қанатының мүшелері де белсенді қатысты.

Форум ұйымдастырушылары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы.

Форумға Турция, Қырғызтан және республиканың түкпір-түкпірінен қатысқан аналар қоғамдағы аналардың орны мен ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілік жайына тоқталып, маңызды ойлар айтты.

«Ана – ұлттың тәрбиешісі» демекші, тәрбиелі ұрпақ пен саналы қоғам ең алдымен ананың тәлімі мен мейірімінен басталады. Қазақта «Ана көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» деген тағылымды сөз бар. Бұл – отбасы тәрбиесінің, әсіресе ананың бала өміріндегі рөлінің қаншалықты маңызды екенін айқын көрсетеді.

Жиында «AMANAT» партиясының Хатшысы Шолпан Таңатқызы Каринова сөз сөйлеп, партия тарапынан әйелдер мен аналар институтын қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Бүгінде Әйелдер қанаты «Tomiris», «Тең мүмкіндіктер», «Балаңа уақыт арна!», «Мұғалім Talks», «Дәрігер Talks» және «Шексіз мүмкіндіктер» жобаларын табысты жүзеге асырып келеді. Бұл бастамалардың барлығы – әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттырып, отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған маңызды жобалар.

Форум соңында өңірдің белсенді аналары партия филиалы жанындағы Әйелдер қанатының жетекшісі Айман Әшімова мен ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Үміт Битеноваға ҚР Президентінің Алғыс хаттары табысталды. Бұл – ел тәрбиесіне, қоғамдық келісім мен ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүрген аналарға көрсетілген зор құрмет.

Ана аман болса – қоғам да берекелі, ұрпақ та тәрбиелі болмақ.

6a1d428974b05.jpg
6a1d428978bd3.jpg
6a1d42899e077.jpg
6a1d4289ab197.jpg
6a1d42899ba5d.jpg
6a1d42899106e.jpg

Ещё новости

Смотреть все
23 июня, 2026

Жаңа бастамалар мен нақты істер алаңы

Сарысу ауданында өткен Әйелдер қанатының отырысында әйелдердің көшбасшылығын дамыту, қоғамдық белсенділігін ар...

16 июня, 2026

«Айша бибі» көшбасшылық мектебінде кезекті семинар өтті

Өңірлік «Айша бибі» көшбасшылық мектебінің семинарында белсенді әйелдер көшбасшылық, командамен жұмыс, көпшілі...

3 июня, 2026

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты өтілді.

03.06.2026 күні отбасы құндылығын дәріптеу, ана мен бала амандығын сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жа...

8 мая, 2026

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: САНАЛЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсе...

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

19 марта, 2026

"ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ – РАМАЗАН ШУАҒЫ" ФОРУМЫ

19 наурыз күні Қарасу ауылдық округі әкімдігі мен "Amanat" партиясы Сайрам аудандық филиалы жанындағы Әйелдер...