ҮШ АУДАНДА ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Жуалы, Т. Рысқұлов және Талас аудандарында Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы зерделеніп, мамандарға әдістемелік қолдау көрсетілді.
🔹 14–15 қыркүйек күндері «Әділет» партиясы Әйелдер қанатының сарапшысы, «Анаға тағзым» облыстық отбасылық даму әлеуметтік орталығының директоры Дамира Маратқызы Сүгірбай Жуалы, Т. Рысқұлов және Талас аудандарында жұмыс сапарымен болып, Отбасын қолдау орталықтарының қызметімен танысты.
🔹 Сапар барысында орталықтардың жұмысына мониторинг жүргізіліп, отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік, психологиялық және құқықтық қолдау бағыттары зерделенді. Сонымен қатар мамандарға әдістемелік көмек көрсетіліп, мобильді топтардың жұмысы, өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды ерте анықтау және оларға жеке қолдау көрсету мәселелері талқыланды.
🔹 Кездесулерде тәжірибе алмасу, өзара іс-қимылды күшейту және отбасыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға ерекше назар аударылды.
Отбасын қолдау – қоғамның ортақ міндеті.




