Ұстаз айтса: білім сапасы және педагог мәртебесі
Жамбыл облысы Талас ауданы лицей мектебінде «Ұстаз айтса» диалог алаңы ұйымдастырылды.
«Ұстаз айтса» диалогы “Әділет” партиясы аудандық филиалы мен Әйелдер ұанатының бастамасымен өтті.
Маңызды басқосуға партияТалас аудандық филиалының төрағасы Ғ.Қартабаев пен аудандық білім бөлімінің басшысы М.Қазанғапов қатысты.
Жиын барысында қатысушылар келесі өзекті тақырыптар төңірегінде ашық пікір алмасты:
• Білім беру саласындағы заманауи мәселелер мен оларды шешу жолдары;
• Мұғалімнің қазіргі қоғамдағы мәртебесі мен атқаратын рөлі;
• Жаңа буынға сапалы білім нәрін сеуіп, саналы тәрбие берудегі педагогтердің өлшеусіз еңбегі.
Шара соңында ұйымдастырушылар ұстаздар қауымын кәсіби төл мерекелерімен құттықтап, олардың қиын да жауапты жұмыстарына шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт және дарынды шәкірттерінің биік белестерді бағындыра беруін тіледі.



