«Ұстаз айтса» диалог алаңы
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында ұстаздардың қоғамдағы мәртебесін арттыру, білім беру сапасын жақсарту және мемлекеттік саясатпен байланысты өзекті мәселелерді талқылауға арналған диалог алаңы өтті.
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Жамбыл мектеп-гимназиясы ұстаздарының басын қосты. Партияның бастамасымен өткен бұл шарада білім берудегі жүйелі мәселелер мен мемлекеттік саясаттың байланысы кеңінен сөз болды. Қатысушылар ұстаздардың қоғамдағы беделін арттыру мен білім сапасын жаңа деңгейге көтерудің тетіктерін талқылады. Пікірталасқа белсене араласқан мектеп мұғалімдері М. Байбатырова, Н. Хасен, Ж. Жамалақова, С. Әміреқұл мен Е. Құрманбек өзіндік ұсыныстарын ортаға салып, ұстаз мәртебесін айшықтай түсті. Шара соңында білім беру ісіне белсенді үлес қосып жүрген бірқатар педагогтерге құрмет көрсетіліп, сый-сияпат жасалды.




