ҰСТАЗ АЙТСА – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
Байзақ ауданында Ұстаздар күніне орай мұғалім мәртебесі, білім беру саласындағы өзекті мәселелер, жасанды интеллектіні пайдалану және мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту тақырыптарына арналған пікір алаңы өтті.
Ұстаздар күніне орай «Әділет» партиясының Жамбыл облысы Байзақ аудандық филиалының мен Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Ұстаз айтса: ұлт болашағы – білім мен құндылықта» атты ұстаздар лабораториясы өтті.
Бұл – жай ғана мерекелік кездесу емес, ұстаздың пікірін тыңдап, білім мен тәрбие саласындағы өзекті мәселелерді ашық талқылауға арналған пікір алаңы болды.
Лаборатория барысында ұстаздар:
🔹 мұғалім мәртебесі мен әділет қағидасы;
🔹 оқушы бойындағы патриотизм мен тарихи сана;
🔹 цифрлық білім мен жасанды интеллектіні жауапты пайдалану;
🔹 еңбекқорлық, жауапкершілік пен табандылық;
🔹 мектептегі адалдық пен өзара құрмет мәдениеті мәселелері бойынша өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.
Сондай-ақ «Сынып жетекші – ата-ана – мектеп» пікір алаңында бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілік, ата-ананың қолдауы және мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайту
мәселелері талқыланды.
Ұстазға құрмет – тек мерекелік құттықтаумен шектелмейді. Нағыз құрмет – педагогтің пікірін тыңдау, еңбегін бағалау, бастамасын қолдау және айтылған ұсынысты нақты іске айналдыру.






