Жақсы оқытуға не көмектеседі, не кедергі?
Жамбыл облысында «Ұстаз айтса» республикалық диалог алаңы аясында «Жақсы оқытуға не көмектеседі, не кедергі?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда.
Ұстаздар күніне орай «Әділет» партиясының бастамасымен қолға алынған - «Ұстаз айтса» республикалық диалог алаңы аясында тараз қаласындағы №30 мектп-гимназияда «Жақсы оқытуға не көмектеседі, не кедергі?» тақырыбында дөңгелек үстел жоспарлануда. Жалпы 5-7 қазан аралығында облыстың барылқ аудандары мен облыс орталығындағы 10 мектепте өтетін диалог алаңдарында білім сапасын арттыру, ұстаздың мәртебесін көтеру және жас ұрпаққа сапалы тәрбие беру мәселелері талықланып, нақты ұсыныстар жинақталмақ. Ұсыныстар бойынша тиісті мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізілетін болады.