Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие укреплению женского з... 26 августа, 2026 Мангистауская область

Жақсылыққа бастар «Нық қадам»

«Әділет» партиясының «Мектепке нық қадам» акциясы аясында Әйелдер қанатының белсенділерімен бірге әлеуметтік жағдайы төмен және аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсетілді. Ізгі шараға «Әділет» партиясының өкілдері, Әйелдер қанатының белсенділері, мәдениет саласының басшылары мен кәсіпкерлер атсалысты.

Жақсылыққа бастар «Нық қадам»

«Әділет» партиясының «Мектепке нық қадам» акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен және аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсетілді.
Балалардың жаңа оқу жылына жақсы көңіл-күймен қадам басуына үлес қосу мақсатында әр балаға 30 000 теңгеден қаржылай көмек табысталды.
Сонымен қатар, балалардың бос уақытын мазмұнды әрі қызықты өткізуіне мүмкіндік жасау үшін оларға Н.Жантурин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрына және Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейіне билеттері мен “Bulka” кондитерлік дүкенінен балаларға арнайы тәттілер табысталды.
Ізгі шараға партия төрағасы И. Мұхитұлы, Әйелдер қанатының кеңесшісі П. Оңалбайқызы, Әйелдер қанатының белсенділері, Н. Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының директоры А.Нұрбауұлы, Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Э.Амангелдиевна  және BBJ Group пен Кулан и К мекемесінің басшылары атсалысты.
Балаға көңіл бөлу — үлкен жауапкершілік, ал оның жүзіндегі қуаныш — ең үлкен сый.

Әр бала бақытты балалық шаққа, сапалы білімге және жарқын болашаққа лайық!

«Мектепке нық қадам» — жаңа оқу жылына қолдау ғана емес, балаларға деген қамқорлық пен мейірімнің нақты көрінісі.

https://www.facebook.com/share/r/199ytP8x31/

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

9 июня, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

12 февраля, 2026

Облыстық «Ana serpini» әлеуметтік жобасы Жаңаөзенде басталды.

Мақсаты – әйелдер мен аналардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың бизнес бастамаларын қолдау, жаңа идеялар...

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 февраля, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...