ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТЕДІ
18 қыркүйекте балалардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау, қауіпсіздік және отбасы мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өтеді.
18 қыркүйек күні «Әділет» партиясының Жамбыл облыстық филиалында «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау ұйымдастырылады.
Қабылдау барысында балалардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отбасы мәселелеріне қатысты азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары қаралады.
Іс-шараға партияның Әйелдер қанатының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, азаматтардың сұрақтарына жауап береді.