ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТАҚЫРЫПТЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
18 қыркүйекте Жамбыл облысында балалардың құқықтары, қауіпсіздігі және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша азаматтардың өтініштері қаралды.
📌 18 қыркүйек күні «Әділет» партиясының Әйелдер қанатының жетекшісі Айман Әшімова, оның орынбасыры Д.Ускумбаева «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Бірыңғай тақырыптық қабылдау күні өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – азаматтарға мекенжайлық консультативтік-құқықтық көмек көрсету, мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру, сондай-ақ балалардың құқықтары, қауіпсіздігі мен әл-ауқатына қатысты мәселелерді шешуге ықпал ету.
📌 Қабылдауға Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша уәкілі Е.Тілешов, балалардың құқықтарын қорғау саласы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту салаларының, Отбасын қолдау және Дағдарыс орталықтарның мамандары қатысты.
Жиын барысында Жамбыл облысының қала және аудандарынан тұрғындар ZOOM платформасы арқылы да қосылып, өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салды.
Азаматтардың өтініштері қатарында балаларды санаторлық-курорттық емдеуге жіберу, мүгедектігі бар балаларды оңалту, инватакси мәселесі, жалпы білім беретін мектептерде инклюзия сыныптарын ашу және басқа да әлеуметтік мәселелер қамтылды.
📌 Бірыңғай қабылдау барысында облыс бойынша тұрғындардың өтініштері тыңдалып, әр мәселе бойынша тиісті сала мамандары тарапынан түсіндірме беріліп, одан әрі шешу жолдары қарастырылды.
«Әділет» партиясының Әйелдер қанаты отбасылармен және азаматтармен жұмысты жалғастыра отырып, балалық шақты қорғау, әлеуметтік қолдау көрсету және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударады.
Бала құқығын қорғау – баршамызға ортақ міндет. Баланың қауіпсіздігі мен жарқын болашағы – қоғамның басты құндылықтарының бірі.





В ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ СОСТОЯЛСЯ ТЕМАТИЧЕСКИЙ ПРИЕМ ПО ВОПРОСАМ ЗАЩИТЫ ПРАВ ДЕТЕЙ
📌 18 сентября по инициативе Женского крыла партии «Әділет» в рамках Национальной программы «Дети Казахстана» состоялся Единый день тематического приема по вопросам защиты прав детей.
В приеме приняли участие руководитель Женского крыла партии «Әділет» Айман Әшимова и ее заместитель Д. Ускумбаева.
Главная цель мероприятия — оказание гражданам адресной консультативно-правовой помощи, разъяснение мер государственной поддержки, а также содействие в решении вопросов, связанных с правами, безопасностью и благополучием детей.
📌 В приеме приняли участие уполномоченный по правам человека в Жамбылской области Е. Тілешов, специалисты в сфере защиты прав детей, образования, здравоохранения, социальной защиты и занятости, а также сотрудники Центров поддержки семьи и кризисных центров.
В ходе мероприятия жители городов и районов Жамбылской области подключались к приему посредством платформы ZOOM и озвучивали волнующие их вопросы.
Среди обращений граждан — вопросы направления детей на санаторно-курортное лечение, реабилитации детей с инвалидностью, предоставления услуги инватакси, открытия инклюзивных классов в общеобразовательных школах и другие социальные вопросы.
📌 В рамках Единого приема были рассмотрены обращения жителей области. По каждому вопросу специалисты соответствующих сфер предоставили разъяснения и рассмотрели возможные пути дальнейшего решения.
Женское крыло партии «Әділет» продолжает работу с семьями и гражданами, уделяя особое внимание защите детства, обеспечению социальной поддержки и соблюдению прав несовершеннолетних.
Защита прав ребенка — общая задача для всех нас. Безопасность детей и их светлое будущее — одна из главных ценностей общества.



