Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Международное партнерство и лучш... 15 мая, 2026 Мангистауская область

Жан азығы – жақсы кітап, ұлт болашағы – парасат!

Бүгін Ақтауда өткен «Кітап керуені» рухани әсерге толы ерекше шара болды. Роза Мұқанова мен Оңайгүл Тұржан сынды зиялы тұлғалармен кездесу, жаңа кітаптардың тұсаукесеріне қатысу — үлкен әсер сыйлады. Кітап — ұлт руханиятының негізі. Осындай игі бастамалар жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды дәріптей түседі. Ақтау бүгін кітап пен парасаттың ордасына айналды!

Жан азығы – жақсы кітап, ұлт болашағы – парасат!

https://www.facebook.com/share/p/1DC3YrtTkY/

 

Бүгінгі шара — парасат пен тағылымның салтанаты болды.
       Роза Мұқанова мен Оңайгүл Тұржан сынды ұлт руханиятының биік тұлғаларын тыңдау — үлкен мектеп. Әр сөзінде — тереңдік, әр ойында — тағылым жатыр.

       Роза Мұқанованың драматургиясы — тұтас бір әлем. Оның шығармаларындағы рухани тазалық, тағдыр тартысы мен адам жанының иірімдері бүгінгі қоғамға аса қажет құндылықтарды дәріптейді.

       Күннің ең әсерлі сәттерінің бірі — Оңайгүл Тұржан апамыздың жаңа кітабының тұсаукесері болды. Бұл жай ғана таныстырылым емес, автор мен оқырманның жүрек сырласуы іспетті әсер қалдырды. Автордың өз қолынан қолтаңба алып, ақ тілегін есту — мен үшін үлкен мәртебе.

       Бұл керуеннің ең үлкен мәні — ұрпақ сабақтастығында.
       Жас оқырмандардың көзінен білімге деген құштарлықты көру — ерекше қуаныш. Біз келер ұрпаққа материалдық байлықтан бұрын кітапқа деген сүйіспеншілікті мұра етіп қалдыруымыз керек.

       Қуантқан тағы бір жайт — жергілікті ақын-жазушыларымыздың қолдауға ие болуы. Сырлы поэзиясымен танылған Гүлайым Дәуітбай, Анар Шамшадинова, сондай-ақ өңір әдебиетінің көрнекті өкілдері Нағбду            Қамарова мен Бақтыбай Жайлау сынды қаламгерлеріміздің болуы — үлкен мақтаныш.

6a14323beaab6.jpg

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

9 июня, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

12 февраля, 2026

Облыстық «Ana serpini» әлеуметтік жобасы Жаңаөзенде басталды.

Мақсаты – әйелдер мен аналардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың бизнес бастамаларын қолдау, жаңа идеялар...

23 мая, 2026

Вместе создаём зелёное будущее Караганды

Женское крыло партии «AMANAT» приняло участие в экологической акции в рамках программы «Таза Қазақстан». На те...

10 апреля, 2026

«Ғылым Talks: От науки к бизнесу»

Состоялась экспертная сессия «Ғылым Talks: от науки к бизнесу», организованная Женским крылом партии AMANAT со...