ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
Саяси Бюро кеңесінің шешімімен «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы Әйелдер қанатының жетекшісі болып Нұргүл Әжібайқызы Ашикова бекітілді.
Нұргүл Ашикова – жоғары білімді маман. 1994 жылы Орал кооперативтік техникумын бухгалтер мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде қаржы мамандығы бойынша білім алған.
Қазіргі таңда Нұргүл Әжібайқызы қоғамдық және кәсіпкерлік бағыттағы жұмыстарға белсенді араласып келеді. 2008 жылдан бері «Ляззат» жеке кәсіпкерлігін басқарып келеді. Сонымен қатар ол Орал қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты.
Нұргүл Ашикованың еңбегі бірқатар мемлекеттік және қоғамдық марапаттармен атап өтілген. Олардың қатарында ҚР Парламенті Сенатының «Құрмет» грамотасы, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Жомарт жүрек» және «Жыл тұлғасы» марапаттары, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» мерейтойлық төсбелгілері, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаттары, сондай-ақ «Шапағат» медалімен және ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің атынан “Қайырымдылық үшін” төсбелгісімен марапатталды.
Жиын соңында Нұргүл Ашикова сенім білдіргендеріне алғыс айтып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Бюро мүшелері де алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, жаңа бастамаларға қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.
Әйелдер қанаты алдағы уақытта да әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына ықпал етуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асырады. Сондай-ақ кәсіпкер әйелдерді қолдау, отбасы құндылықтарын нығайту, әйелдер арасындағы өзара тәжірибе алмасу және әлеуметтік бастамаларды дамыту мәселелеріне басымдық беріледі.
Әйелдер қанаты әйелдердің қоғамдағы рөлін арттырып қана қоймай, олардың әлеуметтік, экономикалық және қоғамдық бастамаларын қолдауға арналған маңызды алаңға айналмақ.