Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Женщины против насилия 27 марта, 2026 Кызылординская область

ЖАҢАҚОРҒАНДА ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН «ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ» МҮШЕЛЕРІ БАС ҚОСЫП, ЖҰМЫСТЫ ЖЕТІЛДІРУ ТЕТІКТЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

«AMANAT» партиясының Жаңақорған аудандық филиалы жанынан құрылған «Әйелдер қанатының» отырысы өткізілді

ЖАҢАҚОРҒАНДА ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН «ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ» МҮШЕЛЕРІ БАС ҚОСЫП, ЖҰМЫСТЫ ЖЕТІЛДІРУ ТЕТІКТЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

«AMANAT» партиясының Жаңақорған аудандық филиалы жанынан «Әйелдер қанаты» отырысы болып өтті. Іс-шараға Жаңақорған аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, партия филиалының Саяси кеңес мүшесі, аудандық әйелдер қанатының жетекшісі Маликова Ақмарал, Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесіне қарасты отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция майоры Сыздықова Айым, осы топтың инспекторы, полиция сержанты Нүрділләқызы Гульфат қатысты. «Біз бірге тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы күресеміз» тақырыбынды әңгімелесу жүргізді. Күн тәртібінде «Отбасындағы зорлық-зомбылықты зерттеу: статистика мен жаңа трендтер»; Зорлық-зомбылыққа қатысты соңғы статистика мен зерттеу нәтижелерін талқылау, қоғамдағы өзгерістерді және оны жеңуге бағытталған стратегияларды қарастыру; «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың психологиялық салдары: алдын алу және емдеу әдістері» туралы; Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың психологиялық салдарын түсініп, жәбірленушілер мен зорлық-зомбылықты жасаушыларға арналған алдын алу мен емдеу әдістерін талқыланды.

Отбасындағы зорлық-зомбылық – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Осы бағытта өткізілген кездесуде зорлық-зомбылыққа қатысты соңғы статистикалық мәліметтер мен зерттеу нәтижелері талқыланып, қоғамдағы өзгерістер мен жаңа үрдістерге талдау жасалды. Сонымен қатар, аталған мәселені шешуге бағытталған тиімді стратегиялар қарастырылды.

Іс-шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың психологиялық салдарына ерекше назар аударылды. Жәбірленушілердің психоэмоционалдық жағдайына тигізетін кері әсері, оның ұзақ мерзімді зардаптары жан-жақты түсіндірілді.

Сондай-ақ, зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары мен оны емдеу тәсілдері талқыланып, жәбірленушілерге көрсетілетін психологиялық көмек түрлері және зорлық-зомбылық жасаушылармен жүргізілетін түзету жұмыстары жөнінде ақпарат берілді.

Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

8 мая, 2026

БАЛА ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

7 марта, 2026

ӘЙЕЛ ЕҢБЕГІ – ЕЛ МЕРЕЙІ

3 июня, 2026

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты өтілді.

03.06.2026 күні отбасы құндылығын дәріптеу, ана мен бала амандығын сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жа...

13 мая, 2026

По инициативе Женского крыла при Алматинском городском филиале партии «AMANAT» и Гражданского альянса Алматы, при участии Общественного совета города, состоялось заседание диалоговой площадки по вопросам защиты прав несовершеннолетних.

Председателем встречи выступила депутат маслихата города Алматы, председатель Женского крыла Алтынай Кобеева....