Жүректен жүрекке – мейірім шуағы
Жамбыл облысы Шу ауданында Төле би ауылында орналасқан арнайы оңалту орталығында тәрбиеленіп жатқан балаларға арналған қайырымдылық акциясы өтті.
«Әділет» партиясы филиалының Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен Оңалту орталығында өткен ізгі бастама аясында тәрбиеленушілерге тәттілер таратылып, олардың жүздеріне күлкі, жүректеріне қуаныш ұялатуға ниет білдірілді.
Мұндай игі істердің басты мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолдау көрсету, олардың қоғамдағы құқықтарын қорғауға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға және қоғам өміріне белсенді араласуына ықпал ету.
Әрбір бала мейірімге, қамқорлыққа және бақытты болуға лайық! Оларға көңіл бөліп, жылы сөз айтып, қуаныш сыйлау – баршамызға ортақ адамгершілік міндет.
Қайырымдылық – бір күндік шара емес, жүректен басталып, ізгілікпен жалғасатын өмірлік ұстаным. Мейірім мен жанашырлық көбейген сайын қоғамымыз да қайырымды әрі берекелі бола түседі.


